Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер топтамасын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға қостанайлық ардагер журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сәлім Меңдібайдың «Мөп-мөлдір дүние» атты кітабын ұсынамыз.
Сәлім Меңдібаевтың бұл кітабында туған жер, өске ел, сүйген жар туралы ой- толғамдары топтастырылған. Автор ел алдындағы парыз, адамгершілік, махаббат, имандылық туралы перзенттік сүйіспеншілікпен, суреткерлік шабытпен толғанады. Бұл автодың үшінші кітабы. Бұдан бұрын оның «Жүрек лүпілі», «Еменнің айыр бұтағы» атты шығармалары жарық көрген болатын.
Қаралым үшін сілтемеге өтіңіз:
https://www.youtube.com/watch?v=HMgSkHcZ97s