«Компьютер әліппесі»
26.02.2026
Әмбебап оқу залында заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалана отырып компьютерде жұмыс істеуді енді үйреніп жүргендерге компьютерлік сауаттылықты оқытуға бағытталған «Компьютер әліппесі» жобасын іске асыру жалғасуда.
Курс барысында қатысушылар компьютерде жұмыс істеу негіздерін меңгереді, Word, PowerPoint және Microsoft Excel бағдарламаларымен танысады, WhatsApp, Интернет және әлеуметтік желілерді пайдалануды үйренеді. Жасанды интеллектті күнделікті жұмыста, ақпарат іздеуде және оқытуда қолдануға ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ желідегі қауіпсіздік, іздеу жүйелерімен жұмыс, жеке және жұмыс ақпаратын ұйымдастыру мәселелері қарастырылады. Сабақтар өткен материалды міндетті түрде қайталау және бекіту арқылы практикалық сипатта болады.
Бағдарлама екі аптаға созылады.