Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ел бірлігі – ел байлығы»
25.02.2026
25 ақпанда, Алғыс айту күні қарсаңында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ел бірлігі – ел байлығы» атты тақырыптық сағат өтті. Іс-шара Қазақстанның көп ұлтты халқының ортақ тарихын, өзара көмегі мен бірлігін бейнелейтін мерекеге арналды.
Кездесу тағдырлары мен отбасылық тарихы ел тарихымен тығыз байланысты әртүрлі этностардың өкілдерін біріктірді. Құрметті спикерлер ретінде «NADZIEJA» поляк этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары В. С. Крайчинская, корей қауымы ақсақалдар кеңесінің төрағасы, белгілі қостанайлық ақын және публицист Ф. М. Мин сөз сөйледі. Қонақтар өз отбасыларының тағдыры туралы естеліктерімен бөлісті, ұлттық дәстүрлердің сақталуы туралы айтып берді және Қазақстан жеріне бейбітшілік пен келісім үшін алғыстарын білдірді.
Іс-шара аясында Қазақстан халқы мәдениеттерінің байлығын ашатын кітап көрмесі ұсынылды. Көрме оқырмандарды әртүрлі этникалық топтардың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және өңірдің дамуына қосқан үлестері туралы баяндайтын әдебиеттермен таныстырды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП