«Волонтерлік – азаматтық қоғамның әлеуеті»
19.02.2026
Абонементтер бөлімінің қызметкерлері Халықаралық волонтерлер жылы аясында «Волонтерлік – азаматтық қоғамның әлеуеті» атты кітап көрмесінің тұсаукесерін өткізді.
Іс-шараға Қостанай облысының волонтерлер ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ оқу орындарының студенттері шақырылды. Кездесуге қатысушылар өз бірлестіктерінің құрылу тарихы, Қазақстан мен Қостанай облысындағы еріктілердің жұмыс бағыттары мен әлеуметтік миссиясы туралы айтып берді.
Тұсаукесер барысында қонақтар көрмеде ұсынылған әдебиеттермен танысты. Көрме материалдары волонтерлер қозғалысының тарихы мен қазіргі кездегі дамуын, оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлін ашуға көмектесті. Экспозиция әлеуметтік көмек пен қайырымдылықтан бастап экологиялық және отаншылдық бастамаларға дейінгі еріктілер жұмыстарының әртүрлі бағыттары жайындағы мақалалармен және ақпараттық материалдармен толықтырылды.
Көрме оқырмандардың қызығушылығын тудырып, волонтерлікті дамытудың өзекті мәселелерін, оның құндылықтары мен болашағын талқылауға арналған алаңға айналды.