Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тәуелсіз ел және жаһандық серіктестік»
16.02.2026
16 ақпанда Әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел және жаһандық серіктестік» атты тақырыптық кітап-деректі көрме жұмыс істей бастады.
Көрме Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына және оның халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөліне арналған. Ұсынылған материалдар еліміздің БҰҰ-мен ынтымақтастығының негізгі кезеңдерін, Қазақстанның бейбітшілікті, қауіпсіздікті, орнықты дамуды және халықаралық диалогты нығайтуға қосқан үлесін көрсетеді.
Көрмеде келесідей басылымдар ұсынылған: БҰҰ-ның ресми құжаттары мен материалдары; Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты туралы кітаптар мен мақалалар; Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамалары жайындағы материалдар; анықтамалық-талдамалық және тарихи материалдар.
Көрме оқушыларға, студенттерге, оқытушыларға, зерттеушілерге, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның тарихына және оның жаһандық әріптестікке қатысуына қызығушылық танытқандардың барлығына қызықты болады. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП