«Абай еліне саяхат»
10.02.2026
10 ақпан күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бірге оқимыз» бағдарламасы аясында «Абай әлеміне саяхат» атты поэзия сағаты өтті.
Іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушылары қатысты.
Кездесу барысында оқушылар қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың «Қара сөздер» деп аталатын әйгілі шығармасынан үзінділер оқыды. Оқушылармен бірге шығармаларды оқуға қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Қасым Нұрсұлтан Мырзабекұлы қатысып, балаларға қолдау көрсетті, олардың поэзия әлемінің сырын түсінуіне, атақты ақынның ойын аңғаруға көмектесті.
Бұл философиялық ойларда қазақ халқының мінезі, тілі, рухани құндылықтары мен дүниетанымы айқын көрінеді.