Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітап және қаламгер»
09.02.2026
Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер топтамасын жалғастыруда. Бұл жолы назарларыңызға қостанайлық ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нағашыбай Оразбайұлы Мұқатовтың «Жұлдызды адам» атты кітабын ұсынамыз.
Нағашыбай Мұқатовтың бұл еңбегі спортшы, балуан, кәсіпкер, меценат, Қазақстанның Еңбек ері, өз Отанының патриоты Алмат Жанабілұлы Тұрсыновтың өсу, өрлеу жолына, жеңісті жетістіктеріне арналған. Автор маңдай тер майталманын, даңқты шаруа адамын өлеңнің шынайы шумақтарымен өрнектеп, қарасөзбен көркем кестелеп, өмірбаяндық деректерінен өзіндік сиқыры бар суреттер арқылы сыр шертеді. Бейнероликті жасау үшін ЖИ-тің құралдары пайдаланылды.
Қаралым үшін сілтемеге өтіңіз: https://www.youtube.com/shorts/b1pClZls6Q0

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП