Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Билиография әлемі»
03.02.2026
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі назарларыңызға «Библиография әлемі» атты тұрақты жұмыс істейтін кітап көрмесін ұсынады.
Көрме қазіргі білім беру саласындағы және кітапханалық ортадағы библиографиялық жұмыстың өзекті аспектілеріне арналған. Ұсынымдық көрсеткіштердің рөлі оқырмандардың оқу сауаттылығын қалыптастыруда үлкен маңызға ие.
Бұл жерден облыс кітапханалары өткен жылы шығарған үздік басылымдарды және Қостанай жерінің көрнекті тұлғалары туралы бірегей көрсеткіштерді таба аласыздар. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері жыл сайынғы «2026 жылға берілген Қостанай облысының атаулы күндері және оқиғалар күнтізбегін», сондай-ақ келесідей: Ұлы Отан соғысы туралы әдебиеттің аңдатпалы библографиялық көрсеткішін, Жұмысшы мамандықтар жылына арналған библиографиялық әдебиет көрсеткішін, қазақтың тұңғыш ғалымы, саяхатшы, ағартушы, этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы» әдебиет көрсеткішін, ақын, жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған «Азаттықты аңсаған ұлт көсемі» әдебиет көрсеткішін дайындады, оларда тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметіне егжей-тегжейлі шолу жасалды.
«Библиография әлемі» көрмесі студенттерге, оқытушыларға, кітапханашыларға және кітапқа, білім тарихына қызығушылық танытушылар мен ақпарат іздеушілерге пайдалы болады.
Шабыт пен жаңа білім алғыларыңыз келсе, бізге келіңіздер. Көрме үнемі жаңартылып отырады, сондықтан әр жолы тың жаңалықтың куәсі болуларыңыз бек мүмкін.
Көрме жаңа құралдар шыққан сайын жаңартылады. Біз сіздерді оқырмандарымыздың арасында көргенімізге әрқашан қуаныштымыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП