«Қабдеш Жұмаділов – қазақтың қабырғалы қаламгері»
03.02.2026
Жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында бүкіл елдің оқуы үшін көрнекті қазақстандық жазушы Қ. Жұмаділовтың «Тағдыр» атты тарихи романы таңдалды.
Абонементтер бөлімінде «Қабдеш Жұмаділов – қазақтың қабырғалы қаламгері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Келушілердің назарына «Тағдыр» романы, «Дарабоз», «Саржайлау», «Прометей алауы» секілді жазушының басқа да танымал шығармалары, сондай-ақ оның замандастарының пікірлері, берген бағалары мен естеліктері жарияланған мерзімді баспасөз материалдары ұсынылды.
Бұлардан басқа келушілерге автордың шығармашылығымен толығырақ танысуға мүмкіндік беретін QR-кодтар қойылған. Кодтарды сканерлеу арқылы шығармалардың электрондық нұсқаларына, сондай-ақ бейнематериалдар мен сұхбаттарға қол жеткізуге болады.
Барлығыңызды жыл бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.
Бейнероликті жасау үшін ЖИ-тің құралдары пайдаланылды.