«Тәуелсіздік тұғыры тарих, тұлға, тағым»
29.01.2026
29 қаңтарда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры: тарих, тұлға, тағылым» атты кітап көрмесінің ашылуы өтті.
Қатысушыларды көрменің ашылуымен құттықтаған «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысының орынбасары Жүсіпов Саят Дәулетұлы тарихи жадыны сақтау және отаншылдыққа тәрбиелеу ісіндегі мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Тұсаукесерге өңірдің ғылыми зиялылары мен қоғам қайраткерлерінің өкілдері: Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы өкілі, филиалдың директоры Ж. Аязбеков, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры Д. М. Легкий, "АМАNAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" жастар қанатының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Сәрсенбаева Аружан Айдарқызы, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар факультеті деканының орынбасары Р. Б. Жүсіпов қатысты.
Спикерлер өз сөздерінде Қазақстанның тәуелсіздік алуының тарихи маңыздылығын атап өтті, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің елдің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін, сондай-ақ жастардың ұлттық санасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастырудағы кітап пен ғылыми білімнің маңызды рөлін атап өтті. Тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы және отаншылдыққа тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шараға аудитория ретінде орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері, әскери қызметшілер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.