Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Бір қаланың тарихы»
27.01.2026
27 қаңтарда Өлкетану әдебиеттері бөлімі сатирик-жазушы Михаил Евграфович Салтыков-Щедриннің туғанына 200 жыл толуына арналған «Бір қаланың тарихы» атты әдеби кеш өткізді.
Іс-шараға қатысушылар атақты сатирик-жазушының өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдерін еске алып, оның орыс әдебиетінің дамуына қосқан үлесін және шығармаларының қазіргі заман үшін маңыздылығын талқылады. Кештің достық жағдайда өтуі емін-еркін әңгіме-дүкен құруға ықпал етті. Автордың сатиралық әңгімелері мен публицистикасынан үзінділер оқылды.
Кеш соңында ұйымдастырушылар М. Е. Салтыков-Щедриннің өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша шағын викторина өткізді, оның ең белсенді қатысушылары көтермелеу сыйлықтарына ие болды. Іс-шара Щедрин сатирасы өзінің өзектілігін жоғалтпайтынын тағы да растады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП