Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ыбырай тағылымы – мәңгілік қазына»
26.01.2026
26 қаңтарда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханамен (Павлодар қ.) бірлесе отырып көрнекті ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Ыбырай тағылымы – мәңгілік қазына» атты онлайн кездесу өткізді.
Іс-шараны салтанатты түрде ашқан республиканың білім беру ісінің құрметті қызметкері, ыбырайтанушы Сүйінкина Биялаш Балтақызы ұлы ағартушының өмірі мен рухани мұрасы туралы терең ойларын ортаға салды.
Кездесу аясында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, сондай-ақ жас оқырмандар үшін танымдық онлайн квест өтті. Квест таныстырылымдар, QR-кодтар мен чатты пайдалану арқылы Google Meet платформасында өтті. Қостанай мен Павлодар командалары Ыбырай Алтынсариннің өміріне, шығармашылығына және педагогтың ағартушылық идеяларына арналған тапсырмаларды орындады. «Кітапхана навигаторы» кезеңінде қатысушылар нақты шығармалар бойынша сұрақтарға жауап беріп, олардың мәні мен әсерін дәлелдей отырып түсіндіріп берді.
Мазмұнды онлайн кездесу жастардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті және Ыбырай Алтынсарин мұрасының қазіргі қоғам үшін де өзекті екендігін атап өтті.
@toraigyrov_kitapkhanasy

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП