Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлы даланың дара ұстазы»
12.01.2026
Өлкетану әдебиеттері бөлімі жаңа жылда көрнекті ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты кітап көрмесін ұсынды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды қазақ педагогикасының негізін қалаушы және өз өмірін білім мен мәдениетті дамытуға арнаған Ы. Алтынсариннің өмірімен және мұрасымен таныстыру. Көрмеде оның әдеби шығармалары, педагогикалық еңбектері, Ыбырай Алтынсариннің тұлға ретіндегі деңгейін, ұлттық ағартушылықты қалыптастыруға қосқан үлесін көрсететін этнографиялық жазбалар ұсынылған.
Көрме оқырмандарға ұлы ағартушының рухани мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейтін болады.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП