Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Аңызға бергісіз ғұмыр»
12.01.2026
Биыл алғашқы оқырмандарды Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК қонақжайында америкалық жазушы Джек Лондонның туғанына 150 жыл толуына арналған «Аңызға бергісіз ғұмыр» атты кітап көрмесі қарсы алады.
Джек Лондонның шығармашылығы барлық жастағы оқырмандар арасында кеңінен танымал. Джек Лондон адамның қатал жағдайларға қарсы күресін, оның бостандыққа деген ұмтылысын, батылдық пен адалдықтың маңыздылығын – бүгінгі күнге дейін өзекті болып қалып отырған қасиеттерді көрсете алды, ал оның кейіпкерлері қайсарлық пен табандылықтың символына айналды. Жаһандық өзгерістер дәуірінде оның кітаптары оқырмандарды өз жолын табуға, қиындықтарды жеңуге және жабайы табиғатты құрметтеуге шабыттандырады.
Көрмеде Джек Лондон шығармаларының әртүрлі басылымдары, сондай-ақ оның өмірі мен шығармашылығының кейбір аспектілерін ашатын мақалалар ұсынылған. Көрме 12 қаңтар және 12 ақпан аралығында жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП