«Туған өлкені танытар тұлғалар мен кітаптар»
12.01.2026
Құрметті оқырмандар! Сіздерді өлкеміздің тарихы мен қазіргі кезіне қызықты саяхат жасауға шақырамыз. Өлкетану әдебиеттері бөлімінің сирек кітаптар мұражайында Қостанай облысына арналған «Туған өлкені танытар тұлғалар мен кітаптар» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Қостанай облысы – талай тарихтың куәсі болған, табиғаты тамаша және талантты адамдарға бай өңір. Көрмеде өңіріміздің қалай өсіп, қалай дамығаны туралы, оның шежіресіне есімдері жазылған, еңбегі мен шығармашылығы біз өмір сүріп жатқан өңірді құрған адамдар туралы әңгімелейтін кітап басылымдары, фотосуреттер, құжаттар ұсынылған. Көрме Қостанай өңірінің өткеніне, бүгініне және болашағына қызығушылық танытқандар үшін қызықты болмақ.
Көрме жыл бойы жұмыс істейтін болады.