«Жаңа кітаптар – жаңа кездесулер»
12.01.2026
Абонементтер бөлімі барлық әдебиет сүйер қауымды «Жаңа кітаптар – жаңа кездесулер» көрме-дебютіне шақырады.
Жыл бойы оқырмандар әртүрлі жанрдағы өзекті басылымдармен: көркем әдебиет, детективтер, романдар, поэзия, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған кітаптармен таныса алады. Кітапханашылар әдебиеттерді таңдау бойынша ұсынымдар беріп, кітаптарды әр келушінің қалауларын ескере отырып табуға көмектеседі. Көрме кітаптармен бірінші болып танысуға және жаңа авторлар мен дебюттік шығармаларды бірінші болып білуге, сондай-ақ әдебиеттегі заманауи үрдістер туралы ақпарат алуға керемет мүмкіндік береді.
Көрме-дебют – бұл ой-өрісті кеңейтудің, жаңа есімдерді білудің және заманауи әдебиеттердің алуан түрлілігінен ләззат алудың тамаша мүмкіндігі.