Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Өмірі өнермен өрілген»
09.01.2026
9 қаңтарда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында композитор-әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Қалибек Деріпсалдин еске алуға арналған «Өмірі өнермен өрілген» атты кеш өтті.
Кеш барысында кәсіби әртістердің, шығармашылық ұжымдардың, оқушылар мен әріптестерінің орындауында композитордың вокалдық және аспаптық шығармалары шырқалды. Іс-шараға қатысушылар Қалибек Деріпсалдиннің өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісті, мұрағаттық фото және бейнематериалдар ұсынылды.
Еске алу кешіне ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Бақытжан Сәуекенов, ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспанов, теледерекші Гүлжібек Бекмұхамедова, Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Қонысбек Бегайдаров қатысты.
Іс-шара ұлттық музыка өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан жерлесіміздің шығармашылық мұрасын сақтауға және насихаттауға, сондай-ақ қала тұрғындарын оның өмірлік және кәсіби жолымен таныстыруға бағытталды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП