«Экологиялық Қазақстан: сақтау және жақсарту»
08.01.2026
8 қаңтардан бастап Әмбебап оқу залында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Экологиялық Қазақстан: сақтау және жақсарту» атты безендірілмелі кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Көрмеде экология бойынша ғылыми-көпшілік және оқу басылымдары, Қазақстанның табиғи аймақтары, сирек кездесетін өсімдік түрлері мен жануарлары туралы кітаптар, ұлттық парктер, қорықтар мен қорғалатын аумақтар туралы материалдар, климаттық өзгерістер, табиғатты ұтымды пайдалану және экологиялық саясат туралы экологиялық бастамаларды көрсететін басылымдар ұсынылған.
Көрме түрлі санаттағы келушілерге: студенттерге, оқытушыларға, зерттеушілерге және экологияға, табиғатқа және тұрақты даму идеяларына қызығушылық танытатындарға арналған. Көрмемен танысуға және Қазақстанның болашақтағы экологиясын сақтауға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейтін болады.