«Киелі Қазақстан: көне тарих айнасы»
08.01.2026
Өлкетану әдебиеттері бөлімі жаңа жылда өз жұмысын «Киелі Қазақстан: көне тарих айнасы» атты кітап көрмесімен жалғастырды. Көрмеде ұсынылған материалдардың ішінен келесі басылымдарды: «Қасиетті Қазақстан», «Торғайдың ғұрыптық-қасиетті геометриялық кешендері («геоглифтер»)», «История родного края: события и судьбы» және т.б. табуға болады. Бұл шығармалар Қазақстанда, атап айтқанда Қостанай облысының аумағында орналасқан бірегей және қызықты киелі орындар мен объектілер туралы әңгімелейді. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейтін болады.