Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жүрегінде Алаш рухы, жанарында болашақ»
08.01.2026
Қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 160 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жүрегінде Алаш рухы, жанарында болашақ» атты кітап көрмесі дайындалды.
Көрме келушілерді Әлихан Бөкейханның өмірімен және қызметімен, оның ұлттық қозғалысқа және Қазақстанның мемлекеттік негіздерін қалыптастыруға қосқан үлесімен таныстырады.
Көрмеде атақты мемлекет қайраткерінің тарихи және саяси мұрасын бейнелейтін кітаптар мен материалдар: Бөкейхан Ә. «Шығармалары. Сочинения», Бөкейхан Ә. «Таңдамалы», Ісімақова А. «Тәуелсіздік және Алаш ғылымы», «Естеліктегі Алаш», Тоқтарбай Е. «Жарық сәуле», Қойшыбаев Б. «Тарих және тұлға», Ахметова С. «Алихан Букейханов. Поиск ориентиров», сондай-ақ оның мерзімді басылымдардағы мақалалары мен жарияланымдарының жинақтары ұсынылған. Көрмені келушілерге Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметі туралы қосымша материалдарға, мұрағаттық құжаттарға, фото және бейнематериалдарға жылдам өтуге мүмкіндік беретін QR-кодтар толықтырады.
2026 жылдың 08 қаңтарынан 30 маусымына дейін жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП