Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ғасырлық сахна»
06.01.2026
Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде «Ғасырлық сахна» атты безендірілмелі кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Көрме ұлттық театр өнерін дамытуда шешуші рөл атқарған еліміздің жетекші мәдени орталықтарының бірі – Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының 100 жылдық мерейтойына арналған.
Көрме театрдың бай тарихымен, оның шығармашылық жетістіктерімен және көрнекті режиссерлердің, актерлер мен драматургтердің театрдың дамуына қосқан үлестерімен таныстырады. Келушілердің назарына аңызға айналған сахнаның ғасырлық жолын бейнелейтін мұрағаттық материалдар, фотосуреттер мен әдебиеттер ұсынылған.
Өнер туралы әдебиеттер бөлімі барлық театр өнерін бағалаушыларды мәдени мұраны тамашалауға және «Ғасырлық сахна» көрмесіндегі театр тарихының жаңа беттерімен танысуға шақырады. Көрме 6 қаңтар және 6 ақпан аралығында жұмыс істейді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП