Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ғылым. Білім. Болашақ»
05.01.2026
5 қаңтардан бастап Әмбебап оқу залында Қазақстандағы Білім және ғылыми зерттеулер жылына арналған «Ғылым. Білім. Болашақ» атты жыл бойы жұмыс істейтін ғылыми-ағартушылық кітап көрмесі жұмыс істей бастайды.
Көрме отандық ғылымның жетістіктерін насихаттауға, заманауи білімге деген қызығушылықты дамытуға және жастардың зияткерлік әлеуетін қолдауға бағытталған. Көрмеде келесідей материалдар: қазақстандық зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен монографиялары; жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар бойынша кітаптар; білім беру бастамалары, реформалар және оқытудың қазіргі заманғы әдістемелері туралы басылымдар; зерттеулер мен жаңалық ашуға қызығушылықты қалыптастыратын ғылыми-көпшілік әдебиеттер; еліміздің жетекші ғылыми мектептері, университеттері мен көрнекті ғалымдары туралы материалдар ұсынылған.
Көрме жыл бойы жаңадан түскен әдебиеттермен, іріктелген тақырыптық материалдармен және ақпараттық материалдармен жаңартылатын болады.
Келушілерді көрмені тамашалауға, жаңа білім алуға, идеялармен танысуға және Қазақстанның ғылыми болашағының келешегін көруге шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП