«Жаңа кітаптар көрмесі»
05.01.2026
Абонементтер бөлімі барлық оқырмандарды кітапханаға жақында түскен әртүрлі жанрдағы ең жаңа және қызықты кітаптар ұсынылған және жаңартылған «Жаңа кітаптар көрмесі» көрме-қарауын тамашалауға шақырады.
Келушілер көрмеде көркем әдебиеттің жаңа басылымдарымен, ғылыми басылымдармен, балалар кітаптарымен танысып, кітапханашылардың әдебиетті таңдау бойынша ұсынымдарын ала алады. Бұл ең жаңа кітаптар туралы хабардар болғысы келетіндер үшін тамаша мүмкіндік.
Барлығыңызды көрмеде күтеміз! Әрбір жаңа кітап сіздер үшін шабыт пен рухани ләззаттың көзі болсын! Көрме жыл бойы жұмыс істейтін болады.