Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Тәуелсіздік тұғыры: тарих, тұлға, тағылым»
05.01.2026
5 қаңтардан бастап Әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры: тарих, тұлға, тағылым» атты бір жылдық кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Көрме тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының басты кезеңдеріне, егемендікке жету жолында аянбай еңбек еткен көрнекті тұлғаларға және елдің рухани-тарихи мұрасына арналған. Көрмеде келесідей материалдар: тәуелсіздік тарихы бойынша іргелі зерттеулер, мемлекеттіліктің дамуы және ел саясаты туралы құжаттар мен басылымдар, тәелсіздікті нығайтуда айтарлықтай рөл атқарған көрнекті тұлғалар туралы кітаптар, қоғамның мәдени және рухани дамуы туралы ғылыми-публицистикалық материалдар, отаншылдық пен ұлттық бірлік идеяларын бейнелейтін қазіргі қазақстандық авторлардың шығармалары ұсынылған.
Кітап көрмесі Қазақстанның 35 жыл ішінде жүріп өткен тарихи жолының маңыздылығын еске түсіруге және оқырмандарды тәуелсіздік, азаматтық жауапкершілік және ұрпақтар сабақтастығы құндылықтарын түсінуге ынталандыруға ықпал етпек.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП