Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Шыңғыс Айтматов: дәуір тудырған талант»
15.12.2025
15 желтоқсанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Бірлік пен келісім жазушысы» әдеби-музыкалық кешінің аясында облыстық Достық үйінде атақты жазушы, публицист және қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Шыңғыс Айтматов: дәуір тудырған талант» атты кітап көрмесін ұсынды.
Көрме қонақтарға автордың бай әдеби мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік берді. Көрмеде Шыңғыс Айтматовтың шығармашылық жолы мен көркемдік әлемінің жан-жақтылығын ашатын басылымдар ұсынылды.
Мемлекеттік сыйлықтарға ие болған және оқырмандар кеңінен мойындаған шығармалар: «Тау мен дала хикаясы», «Қош бол, Гүлсары!», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Плаха» ерекше орын алды. Ондаған тілдерге аударылған осы және басқа кітаптар әлемдік әдебиеттің ажырамас бөлігіне айналды. Өз шығармаларында Айтматов әлемге қырғыз халқын ерекше құрметпен және сүйіспеншілікпен таныстырады, оның жан дүниесін ашып, оны түрлі мәдениет өкілдеріне түсінікті етеді және жақындата түседі.
Көрменің интерактивті элементі келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды: ондағы QR-кодтар арқылы қонақтар бірден қосымша материалдарға өтіп, жазушының бай мұрасымен цифрлық нысанда таныса алады.
Айтматов шығармаларының кемеңгерлігі, адамгершілігі мен философиялық тереңдігі жұрттың үнемі назарын аударады және оқырмандар тарапынан қолдау тауып жатады.

@assambly_kst

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП