Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Менің Отаным – Қазақстан!»
05.12.2025
5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында еліміздің тарихына, мәдени мұрасына және қазіргі жетістіктеріне арналған «Менің Отаным – Қазақстан!» көрме-қарауына шолу жасалды.
Іс-шараның қонақтары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қостанай облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері болды. Кездесу аясында кітапхана қызметкерлері мемлекет тарихы, оның ұлттық дәстүрлері, мәдени құндылықтары және тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері туралы басылымдарды қамтитын кітап-деректі экспозицияны ұсынды.
Шолуда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғаларға – жастардың бостандық пен ұлттық санаға деген ұмтылысын бейнелейтін Қазақстанның жаңа тарихының негізгі эпизодына ерекше назар аударылды. Ұсынылған мұрағаттық материалдар, фотосуреттер мен жарияланымдар сол оқиғалардың маңыздылығын және олардың елдің одан ары дамуына әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Департамент өкілдері ұйымдастырушыларға жылы қабылдаулары үшін алғыстарын білдіріп, отаншылдық тәрбиені дамыту, рухани-мәдени құндылықтарды нығайту және тарихи жадыны сақтау үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ