«Қазақстан жаңа жаһандық ортада: өсу, реформалар және даму»
21.10.2025
Республика күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№38 мекемесі» РММ-нің қызметкерлері үшін «Қазақстан жаңа жаһандық ортада: өсу, реформалар және даму» кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды.
Іс-шара қызметкерлердің отаншылдық сезімін қалыптастыруға, мемлекеттік мерекенің маңыздылығын түсіндіруге, сондай-ақ ел дамуының тарихи жолы туралы білімді кеңейтуге бағытталды. Қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдерін, сондай-ақ тұрақты даму стратегиясы шеңберінде іске асырылып жатқан заманауи реформаларды көрсететін басылымдармен танысуға мүмкіндік берілді.
Жүргізілген шолу кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға, ой-өрісті кеңейтуге және ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраның маңыздылығын түсінуге ықпал етті.