Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақ тарихындағы жорық жыршылары»
17.01.2025
6 қаңтардан бастап Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына, қаһарман қолбасшы, батыр Ақтамберді Сарыұлының 350 жылдығына және Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына арналған кітап көрмесі жұмыс істей бастады.
Мерейтой иелері Қазақ хандығын нығайтуда және халық бірлігін насихаттауда ерекше рөл атқарды.
Жыраулар поэзиясы көшпелі қазақтардың сөз өнерінің шыңы болды және ол бүгінгі күнге дейін өзінің кемелділігімен таң қалдырып келеді. Ол орта ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуының жоғары деңгейін ғана емес, сондай-ақ өткен дәуірдегі халқымыздың рухани әлемінің байлығын айғақтайды.
Кітап көрмесінде Мөңке би Тілеуұлы, Ақтамберді Сарыұлы және Бекет ата Мырзағұлұлының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ