Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жер жүзін аралап шыққан жан»
13.01.2025
Абонементтер бөлімінде атақты натуралист және жазушы Джеральд Дарреллдің 100 жылдық мерейтойына арналған «Жер жүзін аралап шыққан жан» атты безендірілмелі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оның барлық іс-әрекеті жабайы табиғатты қорғауға арналды, ал оның сарқылмас күш-жігері мен жануарларға деген құштарлығы зоология тарихында айтарлықтай із қалдырды.
Көрмеде Дарреллдің жабайы жануарларды аулаумен байланысты саяхаттар кезіндегі қызықты оқиғалар мен қоршауда ұсталатын аңдар жайындағы кітаптары бар. Бұл басылымдар жануарлардың мінез-құлқы, олардың әдеттері және жабайы табиғатта өмір сүру ерекшеліктері туралы көптеген қызықты деректерден хабар береді.
Барлық ниет білдірушілерді көрмені тамашалауға шақырамыз.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ