Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Экскурсиялар
16.05.2023

2023 жылдың 16 мамырында «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған онкүндік аясында оқырмандардың алуан түрлі санатына есігін айқара ашты.

Олардың ағыны таңертеңнен кешке дейін толастаған жоқ. Барлық қонақтарға кітапханаға шолу экскурсиясы ұсынылды, оның барысында олар осы мәдениет мекемесінің тарихын, кітапхананы пайдалану және ондағы мінез-құлық ережелерін біліп, көрсетілетін қызмет түрлерімен және ақпараттық ресурстармен танысты, облыстың ірі ақпараттық және мәдени орталықтарының бірінің тынысын, әсерін сезінуге мүмкіндік алды.

Кітапханамен танысу – бұл бірінші келген адам үшін жаңа, сиқырлы және ерекше қызықты әлемнің ашылуы. Қонақтар барлық қызмет көрсету бөлімдеріне барып, бірегей басылымдар жинақталған Кітап мұражайында болды. Экскурсия барысында олар әр бөлімнің функциялары туралы, каталогпен және электронды деректер базасымен қалай жұмыс істеу керектігі туралы, құжаттарды электронды жеткізу туралы білді, Брайль қарпімен жазып көрді, өткен ғасырлардың кітаптарымен және шығармалардың кейіпкерлерін «жандандыруға» мүмкіндік беретін заманауи 4D және 5D кітаптарымен танысты. Қонақтар кітаптардың таңғажайып әлемі туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біліп қана қоймай, қазіргі заманғы кітапхананың ақпаратқа, пайдалы қызметтер мен консультацияларға тегін қол жеткізуге болатын, қызығушылықтар клубының мүшесі болуға мүмкіндік беретін, өзінің мәдени және зияткерлік көкжиегін кеңейтуге жағдай жасай алатын ашық кеңістік екеніне көз жеткізді. 

Бүгінгі қонақтарымыздың барлығын жақында «Толстовканың» оқырмандары ретінде көреміз деп үміттенеміз!


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ