Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Я пролётом в тебе, моя жизнь!»
12.05.2023

12 мамырда Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ-де ақын Андрей Андреевич Вознесенскийдің туғанына 90 жыл толуына арналған «Я пролётом в тебе, моя жизнь!» атты кеш-коллаж өткізді.

Андрей Вознесенский алпысыншы жылдардағы әйгілі ақындардың ішінде алдыңғы қатарда тұрған және не айтарын ешкім болжап болмайтын адам болды. Ол ешқашан бір орында тұрып қалмады, ешқашан үйреншікті, таптаурын болған жолмен жүрмеді, өмір бойы тәжірибе жасауды, жаңа формалар, стильдер, жанрлар ойлап табуды ұнатты. Оның шығармашылығының ешкімге ұқсамайтындығы іс-шараның ерекше түрде ұйымдастырылуын талап етті, соған орай кеш-коллаж ойластырылды. Онда ақынның өмірінен алынған үзінділер бейнероликтермен және облыстық орыс драма театрының әртістері Татьяна Захарченко мен Сергей Щербининнің өлеңдер оқумен ұштастырылды.

Көрермендер Андрей Вознесенскийдің өмірі мен шығармашылығы жайындағы ақпаратты өте жылы және қызығушылықпен қабылдады. Авторға қызығушылық танытқан студенттер іс-шарадан кейін ұйымдастырушыларға келіп, оның жинақтарын кітапханадан алуға болатын-болмайтынын білді.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ