Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Стругацкийдің қиялындағы әлем»
11.04.2023

Абонементтер бөлімінде фантаст жазушы, сценарийші, аудармашы Б. Стругацкийдің туғанына 90 жыл толуына орай «Стругацкийдің қиялындағы әлем» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ол ағасы Аркадий Стругацкиймен бірге ғылыми және әлеуметтік фантастиканың классикасына айналған бірнеше ондаған шығармалар жазды.

Кейіпкерлері ғылыми ізденіске және адамзат алдындағы адамгершілік жауапкершілікке берілген ғалымдар болып табылатын  «Дни Кракена», «Пикник на обочине», «Понедельник начинается в субботу» кітаптары үлкен қызығушылық тудырады. Ғарышты игеру тақырыбына арналған «Путь на Амальтею» повесі ғылыми-техникалық сипаттағы батыл идеяларға толы. Сюжет бүкіл планетаның жойылу қаупімен байланысты драманың айналасында өрілген.

QR-кодтардың көмегімен кітапты электронды нұсқада оқуға болады.

Бір ай бойы жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ