Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Наурыз айының мерейгер жазушысы:Теодор де Банвиль
14.03.2023

Теодор Фоллен де Банвиль – француз ақыны және жазушысы. 1823 жылы 14 наурызда Мулен қ. француз флоты капитанының отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы өзінің айтуы бойынша Париждегі лицейде өтті. Мектепті бітіргеннен кейін болмашы ғана қаражаты бар ол өзін жазушылыққа арнады.

Алғашқы шығармаларына романтиктер – Виктор Гюго мен Альфред де Муссе елеулі әсер етті. Алғашқы «Кариатиды» өлеңдер жинағы  осындай романтикалық рухта жазылған.

Буржуазиялық әлемді сынауы «Акробатические оды» және «Новые акробатические оды» жинақтарында көрініс тапты, онда автор екінші империяның – «Француз банкі мен ақша» империясының меркантилдік рухын айыптайды.

 Коммуна үшін күрескендердің поэтикалық портреттерінде көрсетілген саяси мотивтер «Прусские идиллии» және «Парижские камеи» жинақтарында айтылады.

Өмірінің көп бөлігін Парижде өткізген Банвильдің ақкөңіл мінезі мен парасатты ақыл-ойы өз заманының басты жазушыларымен достық қарым-қатынас жасауына жағдай жасады.

Париждің 17-ші ауданындағы көше оның есімімен аталады. Сондай-ақ Ницца қ. да Теодор де Банвиль көшесі бар.




ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ