Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Дәстүрлер сабақтастығы»
13.03.2023

Наурыз мерекесі қарсаңында, 13 наурызда кітапхананың бірінші қабатының фойесінде қостанайлық жас суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Әсел Нұркенованың «Дәстүрлер сабақтастығы» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге майлы бояумен, пастельмен және гуашьпен салынған 25 кескіндеме жұмысы қойылды.  

Автор жақындарының, достарының және таныстарының портреттерін қуана-қуана салады. Оларда ашықтық, достыққа ұмтылушылық, мейірімділік пен шыдамдылық көрініс тапқан. Бұл қасиеттердің барлығы әлемді өзі қалағандай көрсетуге тырысатын Әселдің өзіне де тән.   

Жас суретшіні құттықтауға ҚР Суретшілер одағының мүшелері А. Захарченков, С. Шалунова, Н. Торшин, қостанайлық суретшілер О. Кусков, С. Луговой, БСМ педагогтары, колледж студенттері келді.

Мерекелік іс-шараға билері мен домбырадағы музыкалық нөмірлерін ұсынған Қалалық балалар шығармашылығы мектебі студияларының талантты тәрбиеленушілері қатысты.     


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ