Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Дарын иесі еді ғой»
13.03.2023

13 наурызда композитор, дирижер, педагог, қоғам қайраткері, халық әртісі Мұқан Төлебаевтың туғанына 110 жыл толады. Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде композитордың шығармашылығына арналған кітап көрмесі жұмыс істеп тұр.

Мұқан Төлебаев қазақ кәсіби музыкасының негізін қалады және Қазақстан Республикасының композиторлары арасында лайықты орын алады. М. Төлебаев қалам тартпаған бірде-бір жанр жоқ. «Біржан-Сара» операсы оның шығармашылығының шыңы және ХХ ғасырдағы қазақ музыкалық мәдениетінің ең көрнекті жетістігі болып табылады.

Көрмеге таңдаулы ариялары, «Ұлы дала әуендері» романстары мен әндері, «Москваға сәлем», «Тос мені тос», «Кестелі орамал» шығармалары қойылған, «Мұқан Төлебаев» альбомы келушілерді композитордың шығармашылық жұмысымен таныстырады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ