Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мен алғыс айтамын!»
01.03.2023

Әмбебап оқу залы Алғыс айту күні мерекесіне арналған  «Мен алғыс айтамын!» атты мерекелік концерт өткізді.

Концерт барысында өзара көмек пен халқымыздың мызғымас бірлігінің берік дәстүрлерін білдіретін мерекенің құндылықтары туралы баяндайтын «Ризамыз, қазақ халқына!» атты бейнеролик көрсетілді.

Патрульдік полиция батальонының өкілдері Ағыбай Балтабеков пен Нұржан Толықпаевтың қазақ тілінде, «Дуслык» татар ЭМО өкілі Анель Пимичеваның татар және украин тілдерінде орындаған отаншылдық әндері Қазақстанның көп ұлтты халқының мәдениетін көрсетті.

«Star Kids» актерлік шеберлік студиясының жас тәрбиеленушілері «Тернистый путь домой» спектаклінен үзінді көрсетті.

Қонақтардың назарына «Ел тарихы – оның халқының тарихы» атты кітап көрмесі ұсынылды, ондағы біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасындағы этносаралық төзімділік, бейбітшілік пен келісім туралы баяндайтын  «Бір халық, бір ел, бір тағдыр», «Қазақстан – бірлік және келісім мекені», «Менің Отаным – Қазақстан» кітаптары қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ