Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлттық валюта Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі»
13.01.2023

Әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 30 жылдығына арналған «Ұлттық валюта Қазақстан тәуелсіздігінің белгісі» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Кітап көрмесінде еліміздің ұлттық валютасының қалыптасуы, ақша қатынастары мен реформалардың дамуы жайындағы, Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы туралы кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған жарияланымдар ұсынылған.

Нумизматтар үшін ежелгі тиындар коллекциясы жинақталған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражайының «Тиындар» кітабы қызықты болып табылады. Ақшаның пішінін жасау, жобалау, безендіру туралы ұлттық валюта авторларының бірі «Хайрулла Габжалилов» альбом-кітабынан танысуға болады. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени мұражайы және теңге авторы Хайрулла Габжалилов туралы ақпаратпен көрмеде ұсынылған QR-код арқылы электронды ресурста танысуға болады.

Көрме жыл бойы жұмыс істейді және жаңа материалдармен толықтырылып отыратын болады. Құрметті оқырмандар, біздің кітап көрмемізді көруге шақырамыз!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ