Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Адалдық алаңындағы бәйтерек»
12.01.2023

Әмбебап оқу залында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Адалдық алаңындағы бәйтерек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 2023 жылы акция қазақ жазушысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлен Әбдіктің өмірі мен қызметіне арналды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР ПЕН-клубы сыйлығының лауреаты, Франц Кафканың 2003 жылғы Еуропалық алтын медалінің иегері, «Түркі әлемінің жыл адамы» (2013) Төлен Әбдіқұлы өз Отанындағы ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерлердегі де миллиондаған оқырмандарға жақсы танымал. 2004 жылы «Парасат майданы» повесі үшін (орыс нұсқасында – «Разума пылающая война») автор Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығына ие болды.

«Адалдық алаңындағы бәйтерек» атты кітап көрмесінде оқырмандар назарына Т.Әбдіктің қазақ және орыс тілдерінде әр жылдары жарық көрген шығармалары, сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылығын көрсететін кітаптар мен мерзімді басылымдардан алынған мақалалар ұсынылған. QR-кодтың көмегімен жазушының өмірбаянымен танысуға болады. Бұл көрме жыл бойы жұмыс істейтін болады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ