Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жаныңды жылы сөзбен жылытамыз»
16.11.2022

15 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай филиалының облыстық басқармасымен бірлесе отырып «Жаныңды жылы сөзбен жылытамыз» атты мерекелік бағдарламасын дайындады және өткізді. Шара барысында ҚСҚ белсенді мүшелері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды, ал кітапхана қызметкерлеріне жемісті еңбектері үшін алғыстар айтылды. Мерекелік шараға келген қонақтардың қарасы көп болды. Әріптестерін құттықтауға «Үміт-Надежда» ҚБ төрағасы Д. С. Оспанов, қалалық ерікті мүгедектер қоғамының басшысы В. В. Сова, Рудный қ. оқу-өндірістік кәсіпорнының басшысы М. С. Фазылов келді, сондай-ақ залдың төрінде «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай филиалының құрметті мүшелері және басқалары отырды. Қатысушылар «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай филиалының облыстық басқармасы мен кітапхананың жемісті ынтымақтастығын атап өтті.

Шара соңында Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі жыл сайынғы Ақ таяқ айлығының қорытындысын жариялады. Мекеме басшысының кітапхана істері жөніндегі орынбасары С. С. Сазанбаева кітапхананың белсенді оқырмандарына алғыс хаттар табыс етті. Іс-шара кітапхана фойесіндегі қолайлы жерге қойылған «Шығармашылыққа кедергі жоқ» көрмесі туралы бейнесюжетпен аяқталды. Көрмеде «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай филиалы мүшелерінің, көру қабілетінен айырылған жандардың жұмыстары көпшіліктің назарына ұсынылды.

Көзі көрмейтін және нашар көретін жандарға деген жанашырлығын көрсеткен «Мирас» МҮ әртістері мерекені музыкалық нөмірлермен сүйемелдеді.

Әдемі әндер мен жүзбе-жүз әңгімелесулер көру қабілеті нашар адамдарға жақсы көңіл күй мен жаныңды жылытатын жағымды әсерлер сыйлады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ