Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітапханалар жұмысының алдын ала қорытындылары» басшылық мектебі
04.11.2022

2022 ж. 04 қарашасында «Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК» КММ 2022 жылғы ОКЖ жұмыстарының нәтижелері талқыланған Басшылық мектебін өткізді.

Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Д. М. Шакарова Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының жұмысына егжей-тегжейлі талдау дайындады.

Кітапхана басшысының негізгі басқару функцияларының бірі жоспарлау болып табылады. Облыстың ОКЖ басшылары кітапханалардың 2023 жылға арналған келешектегі жұмыс жоспарын талқылады.

Торғай өңірі кітапханаларының жұмысы туралы көзбе-көз және виртуалды режімде Арқалық қ. №2 ОӘҒК басшысы Қ. Б. Бөрібаева айтып берді.

Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың таратылғанына және оның Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК құрылымдық бірліктері құрамына кіргеніне екі жыл толып үлгерді. Бөлім меңгерушісі Г. Ө. Галиуллинаның сөзінен басшылар бөлім жұмысының жаңа түрлері туралы біліп, облыс кітапханаларында зағип жандарға қызмет көрсету бойынша бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады.

Қорды балалар әдебиетімен толықтыру қашанда кітапханалар үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл әсіресе Балалар жылы деп жарияланған биылғы жылы ерекше өзекті болды. Ы. Алтынсарин ат. ОБЖК ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің библиографы З. А. Кенжеғарина қазақстандық балалар әдебиетіне шолу дайындады.

Қостанай аудандық ОКЖ кітапханаларының өлкетану жұмысының тәжірибесімен Қостанай аудандық кітапханасының әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Р. К. Сәтбаева таныстырды.

Іс-шара соңында Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК басшысы Д. Т. Дүйсебаева ҚР ҰК (Алматы қ.) сертификаттарын және «Мұхтар Әуезовті оқимыз» халықаралық акция-байқауы мен «Суреті сөйлейтін кітап» облыстық байқауына қатысушыларға Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК дипломдары мен сертификаттарын табыс етті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ