Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қазақ әдебиеті апталығының ашылуы
17.10.2022

17 қазанда Балалар жылы және «Оқитын ұлт» жобасы аясында Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК «Қазақ әдебиеті апталығының» салтанатты ашылуы өтті. Апталықты өткізу қисынға келетін, дер кезінде қабылданған оң шешім болып табылады.

Апталықтың ашылу салтанатында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов және Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай филиалының төрағасы Жанұзақ Аязбеков сөз сөйлеп, барлық жоспарланған іс-шаралардың сәтті өтуіне тілек білдірді. Әнші әрі журналист Қыдырбек Қиысхан әннен шашу шашып, жиналғандарға музыкалық сәлемін жолдады.

Іс-шара барысында Өлкетану әдебиеттері бөлімі ұйымдастырған «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрмеге ұлы ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары, халық ақыны және журналист Мұхаметжан Сералиннің поэтикалық мұрасы, халық ақыны Сырбай Мәуленовтің шығармалары, жазушы және драматург Төлен Әбдіктің туындылары, сондай-ақ облысымызға жақсы танымал басқа да көптеген жазушылардың еңбектері қойылды. Кітапхана қызметкерлері көпшілік оқырман үшін кітап көрмесіне толық шолу жасады.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ