Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Роман с собственной душой»
14.10.2022

14 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы Абонементтер бөлімімен бірлесе отырып белгілі ақын Марина Цветаеваның туғанына 130 жыл толуына арналаған «Роман с собственной душой» атты көшпелі іс-шара ұйымдастырды.

Әдеби кештің қатысушылары ҚИнЭУ студенттері мен оқытушылары болды. Жүргізушілер Марина Ивановнаның өмірбаяны туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, көптеген өлеңдер оқыды, оның поэзиясының өзектілігіне тоқталып, Цветаеваның өмірі мен шығармашылығынан қызықты деректер келтірді. Көптеген бейнематериалдар ұсынылды: әйгілі орыс әншісі және композиторы Светлана Сурганованың орындауында М. Цветаеваның өлеңдері оқылды, сондай-ақ ақынның сөзіне жазылған «Морская» әні айтылды. Іс-шараны Земфираның «Я полюбила Вас, Марина Цветаева» композициясы қорытындылады. Іс-шараның соңында студенттер ұсынылған кітап көрмесімен қызығушылықпен танысып, ұйымдастырушыларға қызықты кездесу үшін алғыстарын білдірді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ