Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Кітап және қаламгер»
13.10.2022

Өлкетану әдебиеттері бөлімі кітап пен кітап оқуды ілгерілету жобасы аясында «Кітап және қаламгер» кітап көрмесіне арналған бейнесюжеттер сериясын жалғастыруда. Көрмеге қостанайлық авторлардың басылымдары қойылған. Оқырмандар назарына Сабыржан Шүкірұлының «Тархан Шақшақ Жәнібек батыр» тарихи деректі романы ұсынылды.

Кітап батыр, даңқты би, қазақ тарихында Тархан атағын алғаш иеленген Шақшақ Жәнібекке арналған. Ол Торғай облысында дүниеге келген. Шақшақ Жәнібектің өмірін шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Алғашқысы – жас батыр жоңғарлармен шайқаста үздік қолбасшылардың бірі болған кезеңге байланысты. Одан кейінгісі – осы шайқастардан кейін ол би аталып, өмірінің соңында мемлекеттік қызметпен айналысқан кезеңі. Шақшақ Жәнібектің есімі қазақ даласынан тыс жерлерде де белгілі болған, оның ерлігі туралы аңыздар шығарылған.

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=W4JBAegbFVQ&t=7s


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ