Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлттық өнердің жанашыры»
07.10.2022

7 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, жазушы, публицист Ілияс Омаровтың туғанына 110 жыл толуына арналған «Ұлттық өнердің жанашыры» атты портрет кешін өткізді.

Кешті Ілияс Омаровтың ұрпағы Мұрат Оразжанұлы Шаймерденов ашты. Ол жерлесіміздің жеке өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Кешті жүргізуші келесі сөзді белгілі теледидарлық деректеуші, Қазақстанның құрметті журналисі, «Ақ Орда» студиясының редакторы Гүлжібек Баекенқызы Бекмұхамедоваға берді. Кеш соңында Гүлжібек Баекенқызы түсірген Ілияс Омаров туралы бейнефильм көрсетілді. Іс-шараға Қостанай өңірлік университеті мен Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кеш қонақтары Ілияс Омаров туралы әдебиеттер ұсынылған кітап көрмесімен танысты.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ