Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»
07.10.2022

6 қазанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылар мен педагогтар үшін ұлы ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты безендірілмелі кітап көрмесіне шолу жасады.

Шолуда Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша әңгіме ұсынылды. Бөлім қызметкерлері кітапхана қорына жақында авторлардың сыйы ретінде түскен басылымдарға: Серікбай Оспановтың «Ахмет ата» және «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты екі кітабына, кітапхананың Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай дайындаған «Ұлт ұстазы» библиографиялық портретіне баса назар аударды. Сондай-ақ оқушылар QR-кодтың көмегімен Ахмет Байтұрсынұлының досына қоштасу хаты ретінде жазылған толғау негізінде шығарылған «Қаншеңгел» әнін тыңдады. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ