Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Әуезов – әлемдік тұлға»
29.09.2022

2022 жылдың 29 қыркүйегінде Абонементтер бөлімі ұлы жазушының туғанына 125 жыл толуына арналған «Әуезов – әлемдік тұлға» атты портрет кеш өткізді.

Мұхтар Әуезов – Еуропа мен Азияның мәдени құндылықтарын, түрлі халықтың рухани байлығын бойына сіңірген көркем сөз суретшісі және ойшыл.

Кездесуге философия ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ Қостанай филиалының профессоры Качеев Денис Анатольевич, А. Байтұрсынұлы ат. ҚӨУ ГӘФ кафедрасының аға оқытушысы Төлегенова Шынар Исламбекқызы қатысты. Спикерлердің әрқайсысы қоғам қайраткерінің мұрасы туралы өз ойларымен және әсерлерімен бөлісті.

Іс-шара бейнеролик көрсетумен, таныстырылыммен, «Әуезов – әлемдік тұлға» атты кітап көрмесімен сүйемелденді. Кездесу М.Әуезовтің шығармашылығына лайықты баға беріп, оның достықты нығайтуға, адамдардың бір-бірін құрметтеуге және сүюге деген ұмтылысын еске түсіріп қана қоймай, жазушы әрі ойшылдың қалыптасу жолын тереңірек түсінуге көмектесті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ