Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Сырнай сазды Сырбай ақын»
21.09.2022

2022 жылдың 21 қыркүйегінде Өлкетану әдебиеттері бөлімі ақын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Сырнай сазды Сырбай ақын» атты оқырмандар конференциясын өткізді.

      Іс-шараға ақын, драматург, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ақылбек Шаяхмет және белгілі ақын, әдебиеттанушы ғалым Серікбай Оспанов қатысты. Конференцияға қатысушылар жазушының шығармашылық мұрасы мен оның өмір жолы туралы баяндамалар жасады. Шараға Қостанай өңірлік университеті мен Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Студенттер Сырбай Мәуленовтің шығармашылығына арналған баяндама дайындады. Шараға қатысушылар ақын жайындағы әдебиеттер қойылған кітап көрмесімен танысты. Іс-шара соңында Сырбай Мәуленовтің өлеңіне жазылған ән орындалды. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ