Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Сырбайдың сырлы әлемі»
16.09.2022

16 қыркүйекте Л. Н. Толстой ат. Қостанай ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері Қостанай гуманитарлық колледжінде ақын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Сырбайдың сырлы әлемі» атты көшпелі іс-шара өткізді.

Колледждің студенттері мен оқытушылары да өздерінің іс-шарасын ұйымдастырды: ақын туралы ақпарат дайындады, оның шығармаларын оқыды. Өлкетану әдебиеттері бөлімі кездесу тақырыбы бойынша кітапхана қорындағы әдебиеттерді ұсынды. Іс-шараның құрметті қонағы ретінде белгілі қостанайлық ақын, журналист, қоғам қайраткері Ақылбек Шаяхмет қатысты. Кездесу жанға жайлы достық ахуалда өтті, ұйымдастырушылар алдағы уақытта да бірлесе жұмыс істей беретіндеріне сенім білдірді.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ