Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«О! Генри!»
15.09.2022

15 қыркүйекте Өлкетану әдебиеттері бөлімінің әдеби-ақпараттық секторы америкалық жазушы О. Генридің 160 жылдығына арналған қысқа әңгіме кешін өткізді.

О. Генри – қысқа әңгіменің шебері, оның шығармалары өзектілігін әлі жоғалтқан емес және әртүрлі жастағы оқырмандар үшін қызықты болып қала бермек. Кешке келген қатысушылар О. Генридің орыс облыстық драма театрының актері Сергей Щербининнің орындауында  «В антракте» және «Рука, которая терзает весь мир» әңгімелерін тыңдап, «Star kids» студиясы ұсынған «Оборотная сторона» әңгімесінің театрландырылған қойылымын тамашалады. Сонымен қатар іс-шараны ұйымдастырушылар оқушылар мен студенттерге О. Генридің өмірбаянын айтып берді, сондай-ақ осы керемет жазушының бүркеншік атының пайда болуының әртүрлі нұсқаларымен бөлісті. Кеш соңында әдеби викторина өтті, оның жеңімпазы лайықты марапатқа – О.Генридің «Вождь краснокожих» әңгімелер жинағына ие болды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ