Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы: әлем тілдеріндегі үндестік»
06.09.2022

Л. Н. Толстой ат. ҚОӘҒК әмбебап оқу залы назарларыңызға ұлы қазақ жазушысы, ғалым, педагог, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы: әлем тілдеріндегі үндестік» атты бейнемиксті ұсынады. Мұхтар Әуезовтің шығармалары Қазақстаннан тыс жерлерге де танымал. Мұхтар Әуезовтің шығармашылығының арқасында қазақ әдебиеті бүкіл әлемдік мәдениет пен әдебиет арнасы бойынша өз жолын жалғастырып, жоғары деңгейге көтерілді.

«Абай жолы», «Көксерек». «Қараш-қараш оқиғасы» көптеген шет тілдеріне (орыс, ағылшын, неміс, поляк, румын, грек, венгр, болгар, чех) аударылған. Бұл шығармалар әлемдік мәдениеттің қазынасында мәңгі қалады. Облыстық кітапхана қорында көрнекті жазушының шығармашылығы туралы ақпарат пен оның ағылшын, неміс, қытай тілдерінде аударылған шығармалары бар.   

Қарау үшін сілтеме бойынша өтіңіздер:

https://www.youtube.com/watch?v=kspSYp3uRhw

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ